Мемлекет басшысы партияластарын ел мүддесіне берік болуға шақырды
Бұл туралы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Ең бастысы, қоғамға тыныштық пен тұрақтылық керек. Nur Otan – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет.
Саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды. Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын. Біз Егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.