Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум қорытындысы жарияланды

Референдум қорытындысы жарияланды

Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның қорытындысын жариялады.
Сонымен, референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құрады.
Олардың ішінде референдумға 7 985 769 адам (68,05 проценті) қатысты.
Олар:
“Иә” нұсқасын таңдағандар – 6 163 516 адам (77,18 проценті);
“Жоқ” нұсқасын таңдағандар – 1 490 470 адам (18,66 процент).
Заң бойынша қатысқандардың жартысынан көбі референдумға шығарылған мәселені жақтап дауыс берсе, Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептеледі.
“Еліміздің Ата заңына ұсынылып отырған өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді”, – деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.

kyzylorda-news.kz​​​
07 маусым 2022 ж. 2 607 0