Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум – тұрақтылықтың тірегі, бірліктің айғағы

Референдум – тұрақтылықтың тірегі, бірліктің айғағы

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев конституциялық өзгерістер бойынша жалпыұлттық референдум өтетін күнді жариялады. Референдум 5 маусымға белгіленді.
Референдум  өз уақытында қабылданды. Халық қуана қолдауда. Мемлекеттік  Тілге басты басымдылық,  ұлттық  қауіпсіздіктің қорғалуына назар аударып, ұлттық өркениеттің Жаңа Қазақстанның ел сенімінен шығатын Заң болады деп сенім артамыз. Мен Президент ұсынған референдумға өзгерістер енгізу туралы шешімін қолдаймын.
1995 жылы қараша айында Қазақстанда «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң қабылданған болатын. Содан бері елде конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдум ұйымдастырылған жоқ. Ал референдум демократияның маңызды институты болып табылатыны әу бастан-ақ белгілі. Себебі ондай шара кезінде, мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты тікелей бұқара халықтың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Бұл дегеніміз, Президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасы аясының тынысын кеңейтпек. Яғни Халық пен билік ортасында тығыз қарым-қатынас қанатын кеңге жаяды деген сөз. Міне, осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдағы конституциялық өзгерістер бойынша референдум өткізуді ұсынды. Бұл уақыт күттірмес мәселе. Жаңа Қазақстан Заңдарына да өзгерістер жаңаша толықтырылуы керек.
Мен референдумды қолдай отырып, бірауыздан қатысуға шақырамын.
Ләйлә Мамитанова,
жеке кәсіпкер
25 мамыр 2022 ж. 652 0