Бүгін президенттікке кандидаттардың теледебаты өтеді

Ережеге сәйкес, теледебат төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - «сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері», онда әр қатысушының өз бағдарламасын ұсыну мақсатында сөз сөйлейді.
Екінші кезең - «пікірталас сессиясы», онда қатысушылар қарсыластарына екі сұрақ қоя алады.
Үшінші кезең - «сайлаушылардың сұрақтары». Бұл кезеңде сайлаушылар кез-келген кандидатқа сұрақ қоюға мүмкіндік алды.
Төртінші кезең – «сайлаушыларға үндеу».