Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырмалар мүлтіксіз және уақтылы орындалуға тиіс - Президент

Тапсырмалар мүлтіксіз және уақтылы орындалуға тиіс - Президент

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеп, жұмыстарына табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір – ерекше тарихи кезең. Ғылым мен технология ғана емес, қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгеріп жатыр. Мемлекеттердің даму бағдары және басымдықтары басқаша сипат алды. Мұндай кезде батыл әрі жылдам әрекет жасау қажет.

Арқаны кеңге салып отыруға уақыт жоқ. Жүктелген міндеттерді орындау үшін дереу іске кірісу керек. Тапсырмалар мүлтіксіз және уақтылы орындалуға тиіс. Әйтпесе, салдары ауыр болады. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет.

Алдағы жұмыстың басты өлшемі – осы! Баршаңызға табыс тілеймін!», деп ойын аяқтады Президент.
19 сәуір 2023 ж. 1 075 0