МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ

Мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі – әрбір азаматқа сапалы мемлекеттік қызмет ұсыну. Осы бағытта Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты бірқатар маңызды салалар бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіп келеді. Атап айтқанда:1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
2. «Ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру»;
3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
Ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін арттыру мақсатында әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету кабинеті жұмыс істейді. Сіз қызметтерді көрсетілген кабинетке келу арқылы электронды түрде ғана емес, қызметтің өзін, алынған орны, құны, қызмет көрсету мерзімі және құжаттардың үлгілері туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз. Соның ішінде,
«Соттылығының болуы/болмауы туралы»,
«Психоневрологиялық»,
«Туберкулезге қарсы»,
«Наркологиялық диспансерлерден»,
«Жылжымайтын мүлкінің болмауы/болуы туралы»,
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама»,
«Зейнетақы аударымдары туралы анықтама»,
«Мұрағаттық анықтамалар»
«Тұрғын үйді алуға кезекке қою»,
«Баланы балабақшаға кезекке қою»,
«Жер учаскесін алуға кезекке тұру» және тағыда басқада анықтамаларды алуға болады.
Өтініштер бойынша:
«Бала тууға байланысты берілетін бір реттік төлемге өтініш беру»,
«Бір жасқа дейінгі балаға төленетін жәрдемақыға өтініш беру» жөнінде қызметтер көрсетіледі.
Қази СЕЙТОВ,
Мергенсай ауылдық округінің бас маманы