Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан президенті Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

Қазақстан президенті Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады.

Кездесу барысында мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жағдайы, ұлттық кинодағы жағдай туралы ақпарат берілді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 
Тұңғышбай Жаманқұлов президентке өңірлердегі театрлардың шығармашылық қызметі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жас мамандарды даярлау барысы және басқа да өзекті мәселелер туралы баяндады.
Сонымен қатар, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мәртебесін көтеру мәселелері көтерілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев театр мен киноның елдің мәдени және рухани өміріндегі ерекше рөлін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл саланы дамытуға көп көңіл бөлетінін және үнемі қолдау көрсететінін айтты.
https://stan.kz
31 шілде 2019 ж. 1 486 0