Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жекпе-жектің жартысын сынған қолымен жұдырықтасқан

Жекпе-жектің жартысын сынған қолымен жұдырықтасқан

Кәсіпқой боксшы Қанат Qazaq Ислам Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен кеште Намибиядан келген Уолтер Каутондоквамен сынған қолымен жұдырықтасқан деп хабарлайды massaget.kz.
Qazaq мансабындағы 27-ші жекпе-жегін төрешілердің шешімімен жеңді. Айта кету керек, Қанат Ислам бесінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Vesti.kz белгілі болғандай, қазақстандық боксшы жетінші раундтан бастап сынған қолымен жұдырықтасқан. Нақтырақ айтқанда, Қанат Исламның оң қолының білегіне зақым келген. Осы себепті боксшы жекпе-жектің соңына дейін жойқын соққы жасай алмай, қарсыласынан алыс жұдырықтасты. Жекпе-жектен соң Қанат Исламды бірден ауруханаға жеткізіп, қолына гипс салған.




27 қазан 2019 ж. 790 0