Елеусінов WBC-дің бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады

28 жастағы Елеусінов 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында жұдырықтасады. Қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық Алан Санчес (20-4-1, 10 КО) болмақ. Ол бұрын WBC Continental Americas чемпионы болған. Кездесу он раундқа жоспарланған.
Елеусінов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте Нью-Йоркте америкалық Решард Хикске (12-1-1, 6 КО) қарсы өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңген.
Айта кетейік, Елеусінов жұдырықтасатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) қолғап түйістіреді.