Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшы тәжірибелі аргентиналықты ауыр нокаутқа жіберді (видео)

Қазақстандық спортшы тәжірибелі аргентиналықты ауыр нокаутқа жіберді (видео)

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) про-рингтегі он бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.


Ол Монреалда (Канада) бокс кешінде Дэвид Лемье - Максим Бурсактың жекпе-жегінде өнер көрсетті. Ахмедовтың қарсыласы аргентиналық Хосе Виллалобос болды (12-5-2, 7 КО). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген, бірақ Садриддин жетінші раундта ауыр нокаутпен жеңді.
Осылайша, 21 жастағы қазақстандық өзінің кәсіпқой мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді, ол онын нокаутпен жеңіп алды. Аргентиналық спортшы алтыншы рет жеңіліске ұшырады.
09 желтоқсан 2019 ж. 788 0