Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшы Иван Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Иван Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіби рингте өзінің 9-ші кездесуін өткізді

Ол Холливудта (АҚШ, Флордиа штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Ауыр салмақта 8 раундтқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Нэйт Хэвен болды. Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.
Осылайша, Иван кәсіби бокстағы өзінің 9-шы жеңісіне қол жеткізді және 9 кездесуді де нокаутпен аяқтады. Ал, Хэвен үшінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, бұдан бұрын Дычко тәжірибелі бразилиялық боксшы Рафаэль Зумбаномен шығуы керек болатын. Алайда бұл кездесу болмай қалды.
https://stan.kz
13 шілде 2019 ж. 666 0