Қазақстандық Иван Дычко қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

48 жастағы Остин ақпан айында үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралды. Енді оның есебінде 29 жеңіс (18 нокаутпен) және төрт тең ойынмен 10 жеңіліс бар. Кезінде Остин IBF белбеуі үшін Владимир Кличкомен (64-5, 53 КО) жұдырықтасып, есе жіберген еді. Оның алдында ресейлік Султан Ибрагимовпен (22-1-1, 17 КО) тең түскен. Канадалық Бермейн Стиверн (25-4-1, 21 КО) және америкалық Энди Руис (32-1, 21 КО) сынды боксшылармен жұдырықтасқан.