"Қайсар" сапына Мозамбик құрамасының ойыншысы қосылды

29 жастағы футболшы бас бапкер Стойчо Младеновтың сынағынан өтпек. Режиналдо «Насьонал», «Санта Клара», «Люфтетари», «Лачи», «Кукеси», «Шахтер» секілді клубтардың намысын қорғаған.
Клубтық мансабында 167 рет алаңға шығып, 48 мәрте мергендігімен көзге көрінген.