2019 жылы Арал ауданынан 3 әлем чемпионы шықты

Жыл көлемінде Қазақстан Республикасының әртүрлі чемпионаттары мен біріншіліктерінде аудан спортшылары жалпы саны 106 медальді (23 алтын, 30 күміс пен 53 қола) иеленді. Азия чемпионаттарында аудан спортшылары 7 алтын және 3 күміс, 1 қола медаль иеленсе, әлем чемпионаттарында 3 алтын медальмен облыс қоржынын толықтырды.
Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ересектер арасында өткен әмбебап жекпе – жектен әлем чепионатында жерлестеріміз Болатұлы Әліби мен Сауытбаев Фараби І орынды иеленсе, тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Нұрым Сәлімгереев жеңімпаз атанды.