Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Белгілі боксшының әкесі өмірден озды

Белгілі боксшының әкесі өмірден озды

Massaget.kz Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлы өмірден озды. Бұл мәліметті Түркістан облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Асхат Мырзахметов растады."Сейілхан Саттарханов жүрек ауруынан бүгін (25 ақпан - Авт.) сағат 11.00 шамасында кенеттен қайтыс болды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, марқұмның жаназасы ертең, 26 ақпанда сағат 15.00-де өз үйінен шығарылады. Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.
2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза болды. Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.
25 ақпан 2020 ж. 122 0