Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Осы жолы Головкиннің қарсыласы – өзі сияқты IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер, поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Геннадийдің айтуынша, ол Шереметамен жекпе-жек өткізу туралы коронавирус пандемиясына дейін келіскен және «өзінің міндеттері мен уәдесін орындауға дайын». Бұл жекпе-жектен кейін Головкин Мексика боксшысы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) көптен күткен айқасқа дайындалатыны күтілуде. Қазақстандық боксшы «Канеломен» мамыр немесе қыркүйек айында жұдырықтасуға дайын болғанын, бірақ қарсыласы жекпе-жектен қашқақтап, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) келіссөздер жүргізіп кеткенін атап өтті.