"Дайын болыңыздар". Промоутер Головкиннің келесі қарсыласы жайлы айтты

"Сергей Деревянченкомен реванш өткізудің қажеті жоқ. Геннадий жұрт көргісі келетін жекпе-жектерге қатысуды қалайды. Залда Деметриус Андраде отырды. Билли Джо Сондерс, Каллум Смит бар, олар да өз кезегін күтеді. Халық Деревянченкомен реваншты көргісі келсе де, Головкиннің қалайтыны - "Канеломен" жекпе-жек. Үшінші жекпе-жек алғашқы екеуі секілді жақсы өтеді. Бұл кездесуге дайын болыңыздар, жақындап қалды", - деді Хирн. Айта кетейік, Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте Деревянченконы ұпай санымен жеңген болатын. Жекпе-жектен кейін украиналық боксшы реванш сұраған, GGG оған келісімін берген еді.
Ал "Канеломен" Головкин Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан - 2017 жылы қыркүйекте өткен алғашқы кездесу тең аяқталса, бір жылдан соң мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген.
https://kaz.tengrinews.kz/boxing/dayyin-bolyinyizdar-promouter-golovkinnn-keles-karsyilasyi-301665/
Пікір 2