Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АПЛ тарихындағы ең үздік трансфер анықталды

АПЛ тарихындағы ең үздік трансфер анықталды

Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Эрик Кантонаның "Манчестер Юнайтедке" ауысуы FourFourTwo тұжырымы бойынша Англия премьер-лигасы тарихында ең үздік трансфер деп танылды.
Кантона "МЮ" сапына 1992 жылы "Лидстен" 1,34 миллион еуроға өткен болатын. Екінші Сол Кэмпбэллдің "Тоттенхэмнен" еркін агент ретінде "Арсеналға" қосылуы.
Тізімде үшінші Н'Голо Канте. 2015 жылы ол "Кан" командасынан "Лестерге" өтті, ал қазір "Челси" сапында өнер көрсетеді. 
Кантона "Манчестер Юнайтед" үшін 1992 мен 1997 жылдар аралығы ойнады. Осы уақытта ол төрт рет Англия чемпионы атанды және екі рет Англия кубогын иеленді. Франциялық ойыншы 179 матчте 81 гол салып, 61 нәтижелі пас берді.


25 мамыр 2020 ж. 511 0