Ашуға булыққан Майк Тайсон қарсыласының кеудесінен итеріп жіберді (видео)

Суперауыр салмақта бұрынғы абсолют чемпион Майк Тайсон сәрсенбіде All Elite Wrestling's Dynamite шоуына қатысқан болатын. Осы кеште Тайсон рестлер Крис Джерикомен сөзге келіп қалды.
Айта кетейік, он жыл бұрын Тайсон Джериконы нокаутқа түсірген болатын. Крис осы оқиғаны еске салып, кешірім өтінетінін айтқанда, Тайсон үстіндегі футболканы жыртып, рестлердің кеудесінен итеріп жіберді, осыдан кейін жаппай жаға жыртысу басталып кетті.