Холифилд жекпе-жек алдында Тайсонға ескерту жасады
Суперауыр салмақта бұрынғы абсолют чемпион Эвандер Холифилд (44-10-2, 29 KO) бокс аңызы Майк Тайсонмен (50-6, 44 КО) жекпе-жекте барын салып жұдырықтаспайтынын айтады. Ол қарсыласын да асыра сілтеу болмасын деп ескертті, - деп хабарлайды vRinge.com.
Еске салайық, алдымен 53 жастағы Тайсон, одан кейін 57 жастағы Холифилд қайырымдылық үшін бірнеше жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген. Боксшылардың бір-бірімен рингте кездесу ықтималы бар.
"Егер маған ауыр соққы жасап, шынайы ұрса, мен жауапсыз қалмаймын. Бокстың негізі сол. Жекпе-жек өтетін уақытта мен 58, ал ол 54 жаста болады, екеумізге де денсаулық керек. Бірақ мен қайталап айтайын, мені тықсыра бастаса, алдымда кім тұрғаны бәрібір, туған бауырым болса да бар күшімді көрсетемін. Мен төпештей бастамасын десең, өзің шектен аспа", - дейді Холифилд.
Еске салайық, 1997 жылғы қарымта жекпе-жекте Тайсон осы Холифилдтің құлағынан тістеп алған еді.
vesti.kzЕске салайық, алдымен 53 жастағы Тайсон, одан кейін 57 жастағы Холифилд қайырымдылық үшін бірнеше жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген. Боксшылардың бір-бірімен рингте кездесу ықтималы бар.