Америкалық промоушен Тайсонға ММА аңызымен жекпе-жек үшін қанша ақша ұсынды

Мәлімет бойынша, Тайсонға жекпе-жек үшін 20 миллион доллар төлеуге дайын екен. Бокс аңызының қарсыласы аралас жекпе-жектің ардагері Вандерлей Силва болуы ықтимал.
"Аңыздар айқасы". UFC ұйымының атақты экс-чемпионы Майк Тайсонды жекпе-жекке шақырды
Еске салайық, 53 жастағы суперауыр салмақта бокстан бұрынғы абсолют чемпион Майк Тайсон рингке оралатынын туралы айтқан болатын. Ол қайырымдылық үшін бірнеше жекпе-жек өткізбек.
Кәсіпқой рингте Тайсон 56 жекпе-жек өткізген: 50 жеңіс (44 нокаут) және алты рет жеңілген. Америкалық бокс аңызы мына тұжырымдар бойынша чемпион болған WBC (1986-1990, 1996), WBA (1987-1990, 1996), IBF (1987-1990), The Ring (1988-1990). Флойд Мейвейзерге дейін табысы ең жоғары боксшы атанған.