Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Челси" Германия чемпионатындағы екінші бомбардирді сапына қосты (видео)

"Челси" Германия чемпионатындағы екінші бомбардирді сапына қосты (видео)

Футболдан Германия құрамасының шабуылшысы Тимо Вернер "Челси" сапына өтті. Бұл туралы англиялық клубтың ресми сайты хабарлап отыр.
Вернер мен лондондық клуб арасындағы келісімшарт бес жылға есептелген. Футболшы медициналық тексерістен өткеннен кейін командаға шілдеде қосылады.
Биылғы маусымды Вернер "РБ Лейпцигте" аяқтайды, бұл команда үшін ол Бундеслигадағы 32 матчте 26 гол салды. Турнирдегі ең үздік бомбардир тізімінде ол "Бавария" форварды Роберт Левандовскиден кейін тұр - 31 гол.
 
ВИДЕО:  www.youtube.com/watch
 
Британиялық БАҚ мәліметінше, Вернер трансфері үшін "Челси" 47,5 миллион фунт шығындалды. Ал форвардтың айлығы аптасына 170 мың фунт болады.
24 жастағы Вернер "РБ Лейпциг" сапында 2016 жылдан ойнап келеді. Оған дейін туған қаласындағы "Штутгартта" болды. Германия құрамасы үшін 29 матчте 11 гол салып, 2017 жылы конфедерация кубогын ұтып алды және турнирдің үздік бомбардирі атанды.
vesti.kz​​​ 

19 маусым 2020 ж. 567 0