Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астана" "Динамо-Бресттен" ірі есеппен жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

"Астана" "Динамо-Бресттен" ірі есеппен жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Қазақстандық "Астана" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде беларусьтік "Динамо-Бресттен" жеңілді, - деп хабарлайды vesti.kz
Бұл жұптың жеңімпазы Брестте өткен матчтың нәтижесінде анықталды. Алаң иелері 6:3 есебімен жеңіске жетті. 
Ойынның шешуші сәті бірінші таймның ортасында болды - "Астана" қақпашысы Дмитрий Непогодов алты минутта үш гол жіберді. 16 және 22-минутта "Тобыл" мен "Шахтердің" бұрынғы ойыншысы, Қазақстан тумасы Михаил Гордейчук гол соқса, 17-минутта қорғаушы Кирилл Печенин көзге түсті. 
37-минутта Павел Седько қанжығасын майлап, "Динамо-Бресттің" төртінші голын соқты. Үзіліске дейін "Астана" есеп айырмасын қысқарта алды, 45-минутта хорватиялық хавбек Марин Томасов гол салды. 
Екінші таймның басында "Астана" румыниялық жартылай қорғаушы Дорин Ротариудің көмегімен есепті қысқартқан, бірақ екі минуттан кейін беларусьтік клубтың сенегалдық форварды Абдулай Диалло есепті қайта ұлғайтты.

 
Матчтың соңына қарай жағдай қайталанды. 88-минутта "Астана" сапында Абзал Бейсебеков гол соқса, 90-минутта Диалло дубль жасап, матч нүктесін қойды. 
Енді "Астана" еуромаусымды Еуропа лигасында жалғастырады. Қазақстан чемпионының қарсыласы 31 тамызда жеребе рәсімінде анықталады, ал матч 17 қыркүйекте өтеді. 
19 тамыз 2020 ж. 570 0