Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Барселона" Мессидің бағасын айтты

"Барселона" Мессидің бағасын айтты

Каталондық "Барселона" команда капитаны Лионель Мессиге қатысты шешім қабылдады.
Сыбыс бойынша аргентиналық футболшы командадағы жағдайға көңілі толмайды және бас бапкер Роналд Куманға клубтағы өз болашағына күмәнмен қарайтынын айтқан. Mundo Deportivo мәліметінше, Месси трансфер жасау туралы өтініш жасамақ, ал "Барселона" оны қабыл алатын көрінеді.
Каталондықтар футболшыны келісімшартты үзген үшін төленетін соманы бере алатын кез келген клубқа жіберуге дайын екен. Ал бұл аз ақша емес - 700 миллион еуро. 
Мұның алдында Мессиді сапына алғысы келетін клубтар арасында франциялық "Пари Сен-Жермен", италиялық "Ювентус" пен "Интер" аталған болатын.
Дегенмен, клуб 33 жастағы Мессиді ұстап қалуға барын салмақ. Футболшының келісімшарты 2021 жылы аяқталады.
25 тамыз 2020 ж. 472 0