Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Месси жаңа бас бапкерге "Барселонадан" кеткісі келетінін мәлімдеді

Месси жаңа бас бапкерге "Барселонадан" кеткісі келетінін мәлімдеді

"Барселона" футболшысы Лионель Месси жаңа бас бапкер Рональд Куманға болашағын клубта елестете алмайтынын айтты. Бұл туралы RAC1 радиостанциясы анықтады, - деп хабарлайды ria.ru.
Ойыншы бас бапкерге Чемпиондар лигасының ширек финалында германиялық "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілген соң клубтағы жағдайға көңілі толмайтынын және өзін "Барселонадан" тыс көретінін айтқан. 
Басылым мәліметінше, аргентиналық футболшы командадан кеткісі келсе, қандай қиындықтарға тап болатынын түсінеді. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың жазында бітеді. Ал Куман Мессиге "Барселонадағы" стратегиясы туралы айтқан. 
Клуб 33 жастағы Мессидің келісімшарты барын және ойыншының Куманмен кездесуін бағаламайтынын мәлімдеді. 
Айта кетейік, 57 жастағы Куман каталониялық клубтың тізгінін 19 тамызда ұстаған - бапкер екі жылдық келісімшарт жасасты. Футболшы ретінде ол "Барселонада" 1989-1995 жылдар арасында ойнаған, ал 1998-1999 жылдары көмекші болып жұмыс істеген. 
Куманға дейін "Барселонаны" 61 жастағы Кике Сетьен жаттықтырған. Ол "Бавариядан" ірі есеппен жеңілген соң командадан кеткен болатын
21 тамыз 2020 ж. 481 0