Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Барселона» бас бапкері қызметінен кетті

«Барселона» бас бапкері қызметінен кетті

«Барселона» бас бапкері Кике Сетьен жақын арада қызметінен кетеді. Бұл туралы клубтың президенті Жозеп Мария Бартомеу мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz
Сетьеннет бөлек каталониялық клубтың спорт директоры Эрик Абидаль да кетуі мүмкін. Себебі ол «Бавариядан» жеңілген соң Сетьенді қолдаған.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, Сетьеннің орнына кандидаттар тізімінде лондондық «Тоттенхэмнің» бұрынғы бапкері Маурисио Почеттино, Нидерланд құрамасының бас бапкері Рональд Куман және «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы, қазір «Әл-Садд» клубын жаттықтыратын Хави бар.
Еске салайық, бұған дейін «Барселона» Лиссабонда өтіп жатқан Чемпиондар лигасының ширек финалында мюнхендік «Бавариядан» 2:8 есебімен жеңілген болатын. Каталониялық клуб 1946 жылдан бері алғаш рет сегіз гол жіберген.
17 тамыз 2020 ж. 579 0