Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Барселона" бас бапкерін ауыстырады

"Барселона" бас бапкерін ауыстырады

Эрнесто Вальверде "Барселона" бас бапкері қызметінен кетеді, - деп хабарлайды vesti.kz .
  2019/20-маусыма аяқталысымен каталониялық клубтың бас бапкері өз қызметінен кетеді. Бұл туралы испан журналисі әрі тележүргізушісі Гонсало Миро айтты.
"Барселона" мен Вальверде маусымда келісімшартты үзеді. Шешім қабылданды, ол да, клубта", - деді Миро.
   Сондай-ақ, "Барселона" өкілдері "Аль-Садда" клубының бас бапкері Хавимен келіссөздер жүргізгені белгілі болды. Хави 1998-2015 жылдары аралығында каталондықтар сапында өнер көрсетті, онда ол 505 ойынға қатысып, 58 гол салған.
  Вальверде "Барселонаға" 2017 жылы келді. Оның басшылығымен клуб екі рет Испания чемпионатын, Кубокты және Суперкубокты жеңді. 
11 қаңтар 2020 ж. 461 0