Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Барселона" Гризманнды сатып алу үшін несие алған

"Барселона" Гризманнды сатып алу үшін несие алған

12 шілде күні "Барселона" футбол клубы француз форварды Антуан Гризманнды сатып алғанын ресми түрде хабарлады. Футболшы үшін команда Мадридтің "Атлетико" клубына 120 миллион еуро төледі. Каталондық команда ойыншыны қатарларына қосу үшін бар жолдарын қарастырған. Тіпті, несие алудан да қорықпаған. - Бұл трансферді жүзеге асыру оңай болған жоқ. "Барселона 35 миллион еуро көлемінде несие алды. Оны 6 ай ішінде қайтаруымыз керек. Ал 85 миллион еуроны ойыншыларды сатып жинадық, - деді клуб президенті Хосеп Мария Бартомеу AS басылымына берген сұқбатында. Антуан Гризманн "Атлетико" командасында 2014 жылдан бері ойнап келді. 180 ойынға қатысып, 94 гол соқты. Ал Франция ұлттық құрамасы сапында 2018 жылы әлем чемпионы атанды.
https://massaget.kz


15 шілде 2019 ж. 609 0