Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің промоутері коронавирус жұқтырды

Головкиннің промоутері коронавирус жұқтырды

Қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің со-промоутері Эдди Хирннің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды sports.kz  сайтына сілтеме жасап. 4 қазанда Милтон-Кинста (Ұлыбритания) өтетін Джошуа Буатси (12-0, 10 КО) — Марко Чалич (11-0, 6 КО) жекпе-жегінің баспасөз конференциясы басталмас бұрын Хирн коронавирусқа тест тапсырған. Тест нәтижесі белгілі болғаннан кейін промоутер үйіне жіберілген. Ол біраз уақыт оқшауланатын болады. Айта кетсек, 38 жастағы қазақстандық Генадий Головкинге 21 қарашада шаршы алаңға оралып, польшалық Камил Шереметамен жекпе-жек өткізуі тиіс.
02 қазан 2020 ж. 463 0