Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ұзақ үзілістен кейін дзюдо жарыстары қайта жанданады

Елімізде ұзақ үзілістен кейін дзюдо жарыстары қайта жанданады

Жапон жекпе-жегі бойынша ең алғашқы ауқымды турнир қазанның соңына жоспарланып отыр.
Бұл жөнінде халықаралық федерация мәлімдеді. «Grand Slam» турнирі Венгрия астанасы Будапештте болады. Жарыс барысында коронавирустың алдын алу шараларына баса назар аударылады. Бұған қоса, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнир кестесі өзгеруі де мүмкін. Ал, Қазақстан ішіндегі чемпионаттар қыста басталады. Егер эпидемиялогиялық ахуал тұрақты болса, желтоқсанның ортасына қарай ел үздіктері өзара мықтыны анықтайды. Қазір жерлестеріміз оқу-жаттығу жиындарына қатысып, физикалық және психологиялық баптарын қалыпқа келтіріп жатыр.
24.kz
08 қазан 2020 ж. 577 0