Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден Президент кубогы өтеді
7 тамызда елордада шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін Х халықаралық турнир басталады,
Биылғы жарысқа «Ақ барс» (Қазан), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Барыс» (Нұр-Сұлтан) командалары қатысатын болады. Бұл - жыл сайын КХЛ чемпионаты қарсаңында өтетін дәстүрлі жарыс.
Бұған дейінгі турнирлерде «Авангард», «СКА», «Нефтехимик», «Амур», «Металлург» және төрт мәрте «Барыс» чемпион атанған болатын.
Халықаралық турнир «Автомобилист» - «Нефтехимик» (15.00-де басталады), «Барыс» - «Ақ барс» (19.30-да басталады) ойындарымен ашылады.
Президент кубогының жеңімпазы 11 тамызда белгілі болады. Хоккей додасы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.