Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футбол: Қазақстан жастары Солтүстік Македониядан жеңілді

Футбол: Қазақстан жастары Солтүстік Македониядан жеңілді

Бүгін 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі ойынға дейін екі құраманың турнир кестесіндегі жағдайы бірдей болды. Екеуі 10 ұпаймен екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Жеңгені екінші орынға көтерілетін. Кездесу қазақстандық жастар үшін сәтсіз басталды. Бірінші кезеңнің 38-минутында Солтүстік Македония ойыншысы Дарко Чурлинов есеп ашты. Ал 41-минутта Яни Атанасов есепті үстемелей түсті. Осылайша македон футболшылары 4:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңнің басында қонақтар сапынан Дарко Чурлинов өзінің кездесуде екінші голдың авторы атанды. Бұдан кейін қазақстандық құрамадан Оралхан Өміртаев 52-минутта есеп айырмасын қысқартқан еді. Ойынның 67-минутында қонақтар қатарынан Димитар Митровски мергендік танытты. Енді Қазақстан жастар құрамасы екі ойын өткізеді. Алдымен 13 қазанда сырт алаңда Испаниямен кездесіп, 17 қарашада Фарер аралдарын қабылдайды.
inform.kz
08 қазан 2020 ж. 523 0