Қызылорда гандболшылары əлем чемпионатында бақ сынайды

«Биылғы маусымға дайындықты жақсы аяқтадық. Қыздарымыз жаттығу барысында жақсы нəтижилер көрсетті, барын салып дайындалды. Алдағы уақытта бірнеше республикалық, əлемдік бəсекелер жоспарланған. Егер жоспарланған жарыстар межеленген уақытында орындалса біз дайынбыз. Тағы да топ жарып, жерлестерімізге жеңіс сыйлаймыз деген ойдамыз. Команданың жаттығуына көңілім толады», – деді Вячеслав Ким.
Айта кетейік, «Қайсар ҚМУ» ганбол командасы 11 дүркін ҚР чемпионы, 4 дүркін Жастар спорт ойындарының және 4 дүркін ҚР спартакиадасының жеңімпазы, 2 дүркін клубтар лигасының Азия чемпионы.