Нұрым Сəлімгереев – Əлем чемпионы

100 келі салмақ дəрежесінде шеберлік байқасқан Нұрым ақтық сында Грузия елінің спортшысы Давид Лориашвилиді таза жеңіспен ұтты.
Осы жеңісіне орай ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Сондай-ақ, ол дзюдо жəне самбо спортынан ҚР спорт шебері.
Жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алатын Нұрымның бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Кенеев.