«Қайсар» Еуропа лигасындағы алғашқы матчын өткізеді

Қызылордалық «Қайсар» 17 қыркүйекте Еуропа Лигасындағы жорығын бастайды. Қарсыласы өз елінің 28 дүркін жеңімпазы, кипрлік АПОЭЛ. Еуро додаларда жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
«Біздің команданың әлеуеті көңіл қунатады. Соңғы турларда фаворит командалармен кездесіп, әзірлікті пысықтадық.
Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы базада физикалық оқу-жаттығу жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Футболшыларда жарақат жоқ, барлығының алаңға шығуға мүмкіндігі бар. Жауапты ойында алаңға шығатын ойыншылар әлі нақтыланған жоқ. Құрамдағы барлық футболшылардың Еуропа лиигасында дебютті ойынға дайындықтары жоғары» – деді команданың сарапшы бапкері Қанат Шерімбетов.
«Дала қасқырлары» ел біріншілігінде 4 жеңіс, 1 тең, 2 жеңілісі бар. 13 ұпаймен төртінші орында келеді. Ал «Қайсардың» қарсыласы АПОЭЛ өз чемпионатында 3 матч өткізіп, 4 ұпаймен 7-ші орында.

kyzylorda-news.kz