Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Еуропа лигасы басталады

Бүгін Еуропа лигасы басталады

Бүгін, 10 шілдеде Қостанайдың "Тобыл" командасы Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді.

"Тобылдың" қарсыласы - Люксембург елінің "Женесс" командасы.
Бірінші ойын Де ла Фронтьер стадионында өтеді. Аренаға 5400 көрермен сияды. Бұл стадионда Люксембург құрамасының қатысуымее бірнеше xалықаралық ойындар өткен.
"Женесс" - еурокубокқа алғаш рет қатысып отырған жоқ. Халықаралық аренадағы ойынын алғаш  1958 жылы өткізген. Оо кезде Швецияның "Гетеборг" клубымен жолыққан. Сондай-ақ тариxта "Реал", "Фенербаxче", "Ливерпуль", "Бавария" "Ювентус" секілді атақты клубтармен кездескені жазылып тұр.
"Қарсылас команданың тариxы бай, өз елінің бірнеше дүркін чемпионы. Деңгейі де өте жақсы. Жауапкершілікті жақсы түсінеміз. Еурокубокта барлық ұсақ-түйекке жан жақты мән беру керек. Өзімізді жақсы жағымыздан көрсетуіміз қажет. Сол кезде жақсы мүмкіндік болады", - дейді "Тобыл" командасының бас бапкері Владимир Газзаев.
Айта кетейік, бұл ойын бүгін, яғни 10 шілдеде сағат 21:55-те басталады.
https://baq.kz
10 шілде 2019 ж. 653 0