Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астанада" исландиялық футболшы ойнайды

"Астанада" исландиялық футболшы ойнайды

"Астана" футбол клубы Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссонмен еңбек келісімшартына қол қойды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 28 жастағы жартылай қорғаушы соңғы үш маусымда Швейцария чемпионатында "Грассхопперс" және "Санкт Галлен" командалары сапында ойнаған. Ал оған дейін Швеция, Нидерланд және Исландия чемпионаттарында доп тепкен. Рунар Мар Сигурьонссон өз елінің құрамасында 22 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан. Қосалқы құрамда болып, алаңға шыққан жоқ. Соңғы маусымда орталық жартылай қорғаушы "Грассхопперс" командасы сапында 16 ойын өткізіп, 5 нәтижелі пас берген. "Астана" құрамына исландиялық ойыншы еркін агент ретінде ауысады. Елордалық команданың Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі қарсыласы ертең анықталады. Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 9-10 шілде, қарымта кездесулері 16-17 шілдеде өтеді.
https://massaget.kz


17 маусым 2019 ж. 1 769 0