Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстандық боксшы 27 рет жеңіске жеткен WBO экс-чемпионымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы 27 рет жеңіске жеткен WBO экс-чемпионымен жұдырықтасады

31 қазанда Атырауда бокс кеші өтеді. Бұл кеште отандық және шетелдік боксшылар рингке шығады.
Кештің негізгі оқиғасы бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы, әуесқойлар арасындағы Азия-2019 чемпионы Бек Нұрмағанбет (1-0, 1 КО) пен бұрын екінші орта санаттағы WBO Asia Pacific титулын иеленген, 27 жастағы танзаниялық Абдаллах Паззимен (27-7-1, 24 КО) кездесуі болмақ. Еске сала кетсек, Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы жолын биыл 26 шілдеде Минскіде (Беларусь) бастап, сол кездесудің бірінші раундында мажарстандық Тамаш Ласканы (19-21-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
ww.inform.kz
22 қазан 2020 ж. 193 0