Мадияр Әшкеев карьерасында тұңғыш рет титул иегері атанды

Айта кетейік, бұл - Мадияр Әшкеевтің карьерасындағы алғашқы белбеу. Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне алғысын білдірді. "Барлығыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Американың чемпионы атандым. Бұл тек бастамасы деп білейік. Үлкен жеңістер алда. Тағы да рақмет!", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында. Мадияр Әшкеев осы жекпе-жегінен соң кәсіпқой бокстағы жеңістер санын 12-ге жеткізді. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған. Боксшы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеді.