Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » The Ring нұсқасы бойынша Р4Р үздік боксшысы анықталды

The Ring нұсқасы бойынша Р4Р үздік боксшысы анықталды

The Ring беделді бокс журналы өз нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне тәуелсіз әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады.
Ондық көшбасшысы – әлі де мексикалық Сауль Альварес. Одан кейін жапониялық Наоя Иноуэ және АҚШ боксшысы Теренс Кроуфорд жайғасқан.
Өткен жылы рейтингте 9-орында тұрған қазақстандық Геннадий Головкин биыл 10-орында Оны Ұлыбритания өкілі Джош Тэйлор басып озды.
The Ring нұсқасы бойынша Р4Р үздік боксшылар ондығы:
1.Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
2.Наоя Иноуэ (Жапония)
3.Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4.Александр Усик (Украина)
5.Эррол Спенс (АҚШ)
6.Теофимо Лопес (АҚШ)
7.Василий Ломаченко (Украина)
8.Хуан Франсиско Эстрада (Мексика)
9.Джош Тэйлор (Ұлыбритания)
10.Геннадий Головкин (Қазақстан).
24.kz
05 қараша 2020 ж. 585 0