Қызылордалық баскетболшылар ел чемпионатында күміс жүлдені иеленді
Түркістанда 3×3 форматындағы баскетболдан 2002-2003 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті.
Жарысқа он бес команда қатысып, Қызылорда облысының командасы 42 ұпаймен күміс жүлдені иеленді.
Команда құрамында Руслан Кенбаев, Юрий Попандопуло, Абай Бақытбек жəне Ален Турехановтар өнер көрсетті.
Жарыстың «Үздік ойыншысы» номинациясымен Юрий Попандопуло марапатталды.
Енді 2003-2004 ж.т. жасөспірім ұлдар 25-30 қараша аралығында Түркістанда баскетболдан жəне 11-13 желтоқсанда Алматыда 3х3 баскетболдан өтетін Қазақстан чемпионаттарына қатысады.
Команданы жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Александр Жавзмагин дайындады.
kyzylorda-news.kz/sport