Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » DAZN Головкин мен "Канело" жекпе-жектерінің уақытын белгіледі

DAZN Головкин мен "Канело" жекпе-жектерінің уақытын белгіледі

DAZN стриминг қызметі бірнеше жекпе-жектің уақытын белгіледі ,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдерлердің мәліметінше, желтоқсан айына бірнеше жекпе-жек жоспарланған:
18 желтоқсан: орта салмақта IBF титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасында;
19 желтоқсан: екінші орта дивизионда WBA (Super) белбеуі сарапқа салынатын британиялық Каллум Смит (27-0, 19 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) айқасы;
26 желтоқсан: жеңіл салмақта WBC тұжырымынша "уақытша" чемпион атағы үшін британиялық Люк Кэмпбелл (20-3, 16 КО) мен америкалық Райан Гарсия (20-0, 17 КО) кездесуі өтеді.
Әзірге тек Смит - Альварес кездесуі ғана ресми бекітілгені айтылады.
kaz.tengrinews.kz
19 қараша 2020 ж. 495 0