Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Тарихи сәт: Криштиану Роналду әлемнің абсолютті рекордын жаңартты

Тарихи сәт: Криштиану Роналду әлемнің абсолютті рекордын жаңартты

Туриннің «Ювентус» клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду карьерасындағы голдар саны бойынша абсолютті рекорд орнатты.
Италия суперкубогындағы «Наполимен» өткен матчта Роналду гол салды. Бұл – оның клуб пен құрама үшін ресми матчтарда соққан 760-добы. Осылайша, Роналду футбол тарихындағы ең мықты сұрмерген атанды. Бұған дейінгі рекорд чехиялық Йозеф Бицанға тиесілі (1931 мен 1955 жыл аралығы 759 гол). Мұның алдында португалиялық ойыншы үздік бомбардирлер тізімінде үшінші тұрған Пеледен асып түскен еді (757 доп). Матчтың өзі 2:0 есебімен «Ювентус» пайдасына шешілді, екінші голды Альваро Мората салды.
24.kz
21 қаңтар 2021 ж. 218 0