Нью-Йорктегі қазақстандық полицей АҚШ-тағы жекпе-жекте жеңіске жетті

Бұл жеңіс оның 14-інші және 2017 жылдан кейінгі алғашқы жеңісі болды.
Боксшы алдыңғы жекпе-жегінде жеңіліп, кейін рингке орала алмады. Алдымен омыртқааралық дискілер салдарынан, содан кейін пандемия салдарынан боксшының шаршалаңға шығуға мүмкіндігі болмаған.
Еске салайық, Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ ол бала кезінде АҚШ-қа отбасымен көшіп кеткен.
Осыған дейін Нью-Йорктегі қазақ полицей бокс рингіне қайта оралатынын мәлімдеген болатын.
stan.kz