Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин Роллспен өтетін жекпе-жекке болжам жасады

Головкин Роллспен өтетін жекпе-жекке болжам жасады

Орта салмақтағы экс-чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) болатын жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшылардың кездесуі 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden алаңында 164 фунтке дейінгі аралық салмақта өтеді. "Мен Стивті сыйлаймын. Онымен жекпе-жек оңай болмайды. Мен осыған дейін де айтқандай бокста әркімнің жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Роллс ештеңе жоғалтпайды, ал жеңіске жетсе барлығын алады. Сондықтан да ол Нью-Йоркте мен үшін ең қауіпті боксшының бірі. Мен кездесуді соңына дейін апарамын ба, әлде уақытынан бұрын аяқтаймын ба? Бұл бокс, оны білмеймін. Маған мүмкіндік берсе, мен кездесуді ертерек аяқтаймын", - деді Головкин. Осыған дейін қазақстандық боксшы Роллс аса танымал болмағанымен, өте маңызды қарсылас екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, Головкин таяуда өткен Энтони Джошуа - Энди Руис жекпе-жегін еске салды. Кездесуде ұлыбританиялық Джошуа жеңіліс тауып, барлық титулынан айырылып қалған еді. Айта кетейік, Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады.
https://kaz.tengrinews.kz
05 маусым 2019 ж. 589 0