Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су добынан Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына жолдама алды

Су добынан Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына жолдама алды

Қазақстанның су добынан ерлер құрамасы биыл Жапония астанасы Токиода өтетін жазғы Олимпиаданың жолдамасына ие болды. Енді Қазақстан еншісінде 43 лицензия бар.
Бұл туралы Роттердам қаласында өткен су добынан олимпия ойындарының жеребе тарту рәсімі кезінде белгілі болды.

Айта кетейік, су добынан Олимпиадаға Азия іріктеу кезеңі өткен жылы ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі керек болған. Алайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты Қазақстан аталған бәсеке қабылдаудан бас тартты. Осыдан кейін пандемия басталып Азия су спорты федерациясы іріктеуді өткізуден бас тартты. Жолдама тағдырын 2018 жылы Джакарта қаласында өткен Азия ойындарының нәтижесі шешті. Қазақстан ерлер құрамасы сол сында топ жарған еді. Ал әйелдер арасында Қытай спортшылары үздік шыққан.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан "В" тобында Испания, Хорватия, Монтенегро, Сербия, Аустралиямен күш сынасса, "А" тобында АҚШ, Венгрия, Оңтүстік Африка Республикасы, Грекия, Жапония, Италия бар.

massaget.kz
04 наурыз 2021 ж. 527 0