Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

«Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

Футболдан Түркістанда Суперкубок өз мересіне жетті. Финалда Қостанайдың «Тобыл» командасы елорданың «Астана» клубын ұтып, чемпион атанды.
Биыл Суперкубок өзге форматта ұйымдастырылды. Испаниядағы бірден төрт команда қатысты. Яғни өткен маусымның қорытындысы бойынша алғашқы төрттіке енген командалар ойнады. Жеребе бойынша жартылай финалда «Астана» мен «Шахтер», «Қайрат» пен «Тобыл» жолықты. Осылардың арасынан финалға «Тобыл» мен «Астана» жолдама алды.


Шешуші ойында есепті «Тобыл» қорғаушысы Сергей Малый ашқан. Дегенмен, «Астана» матчтың соңғы минуттарында таразы басын теңестіріп үлгерді. Айып соққысынан хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов дәлдік танытты.

Жеңімпаз пенальтиден анықталды. «Тобылдың» нүктеге келген 5 ойыншысы да мүлт кетпесе, «Астана» командасынан Роман Мұртазаевтың соққысын қақпашы Мокин қайтарды. Сөйтіп, «Тобыл» өз тарихында алғаш рет Қазақстан Суперкубогына ие болды. «Астана» күміс жүлдегер атанды.

Ал қола жүлде «Шахтерді» 2:1 есебімен жеңген «Қайратқа» бұйырды.

«Тобол» – «Астана» – 1:1, пенальтиден – 5:4

Голдар: Сергей Малый, 15 (1:0). Марин Томасов, 90+1 (1:1).

«Тобол»: Александр Мокин, Дмитрий Мирошниченко (Самат Жарынбетовғ 72), Алекса Аманович, Александр Марочкин (Сұлтан Әбілғазы, 87), Сергей Малый, Руслан Валиуллин, Асхат Тағыберген, Жереми Манзорро (Душан Йованчич, 72), Тони Сильва (Азат Нұрғалиев, 38), Серікжан Мұжықов, Элгуджа Лобжанидзе (Оралхан Өміртаев, 87);

«Астана»: Дмитрий Непогодов (Александр Заруцкий, 90+4) – Сағи Совет, Вараздат Ароян, Жарко Томашевич, Антонио Рукавина, Лука Шимунович, Абзал Бейсебеков (К), Макс Эбонг (Валерий Чуперка, 71) – Марин Томасов, Тигран Барсегян, Семир Смайлагич (Роман Муртазаев 66).

baq.kz
06 наурыз 2021 ж. 457 0