Қазақстан мен Франция арасындағы ойынды қайдан көруге болады?

Қазақстандық футболшылардың әлем чемпиондарына қарсы ойыны «Астана Арена» алаңында өтеді. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Сондай-ақ кездесуді телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.
Франция мен Қазақстан іріктеу кезеңінде бір топқа (D тобы) түсті. Дидье Дешам шәкірттері осыған дейін бір ойын өткізіп үлгерді. Өз алаңында Украинамен ойнап, 1:1 есебімен тең тарқасты. Қазақстанға қарсы екінші ойынына шығады.
D тобында Франция мен Украинадан өзге Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары бар.
Айта кетейік, бүгінгі ойынға жарақатына байланысты ұлттық құраманың белді ойыншылары Бахтиер Зайнутдинов пен Дмитрий Шомко қатыса алмайды.
kyzylorda-news.kz