Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық спортшылар ел чемпионатында жеңіске жетті

Қызылордалық спортшылар ел чемпионатында жеңіске жетті

Сыр спортшылары белбеу күресінен ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алып, командалық есеп бойынша І орынды иеленді.
6-8 сәуір күндері Петропавл қаласында 2006-2007 жылдары туылған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қызылорда облысының құрама командасы 12 медальмен жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орынды Маңғыстау облысы және ІІІ орынды Түркістан облысының командасы иеленді.

kyzylorda-news.kz​​​
09 сәуір 2021 ж. 573 0