Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр спортшылары Қазақстан чемпионы атанды

Сыр спортшылары Қазақстан чемпионы атанды

Алматы қаласында күрес түрлерінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Сыр спортшылары жоғары дəрежеде өнер көрсетті.
Əйелдер күресінен 53 келі салмақ дəрежесінде сынға түскен жерлесіміз Асылзат Сағымбай Қазақстан чемпионы атанды. Бұл облыс тарихында ересектер арасындағы алғашқы алтын медаль болды.
Ал грек-рим күресінен өткен жарыста Сыр балуаны Айдос Сұлтанғали жеңіс тұғырына көтерілді.
60 келі салмақта бақ сынасқан Айдос жарыс барысында бес кездесу өткізді.
Бес кездесудің нәтижесі: ШҚО – 8:0, Алматы облысы – 10:1, ШҚО – 8:0, Ақмола облысы – 5:0, финалда шығысқазақстандық балуанды 3:1 есебімен ұтып келе жатып, қарсыласы жарақат алып, жеңіс Айдосқа берілді.
97 келіде Олжас Сырлыбай күміс, 72 келіде Айдос Сүлеймен қола жүлделерге ие болды.
Спортшыларды жарысқа Жандос Бөрібеков, Ғабиден Райымбек, Виктор Юн, Ермек Көкетов, Рақымжан Пайзбеков, Самат Оспан жəне Қанат Көбегеновтер дайындады.
Айта кетейік, ел чемпионатында еркін күрестен облыс командасы 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 1-орынды жеңіп алған болатын.
kyzylorda-news.kz
26 қараша 2020 ж. 1 033 0